название:
автор:
Sapar
автор:
Darkhan Juzz
рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1421 просмотр
- Текст
- Открытка с текстом
Е-ей Түнгі қала, Отырмыз өлең қосып, Ұйықтайтын жер жоқ, досым. Ертеңгі күн не әкелерін білмеймін, Бірақ бүгін ертегідегідеймін. Өтед-кетед, Өмір алма кезек. Енді біраз артта қалды Жүз-мыңдаған шақырым. Тек жынымды шақырып, Жетелейді, өзіне тартып Жұлдызым, Қырмызым қызып, Бір түрлі бір қызық қысым. Қажайды аяғым, Жол бойы кездеседі куғынбайлар баяғы. Амандассаң, әрі қарай кетеді. Сапар Жүрекке - тебірен, Қолыма - аспабым, Көзімді жұмамын, Төбемде-аспан. На-на-на-на Анда-санда Алыстан арбалағанша, Жақыннан дорбала. Көтіңді қыс, балам. Бұл жақта ешкімің жоқ, Суық айдала. Мен айттым: "Папа, қорықпа, қайттан оралам". Өмір жалғыз, Уақыт жылдам, үздіксіз, Қосыла береді жылдар жылға. Иә, оңай емес білем, Тағдыр тартысы, Бірақ тағы көрейін тырысып. "Мүмкін қолжеткізбес бұл дүр елес, Бұл - мүмкін сен қателесесің,"- Дейді ол, Бірақ кеш батты, Артта жоқ жол. Қош бол, аманжол. Өмір мәні тұңғиық, Сылдыр сұйық, Сеземін кетті шатыр, Шытыр-шытыр, Көз-қорқақ, қол-батыр. Жүрекке - тебірен, Қолыма - аспабым, Көзімді жұмамын, Төбемде - аспан. Тоқтауға ерінем, Қирады қамалым Есейді самалым, Қалғаны шамалы Адастырды қу арман, Е, сол үшін қуанам, Аластырсын, Мен сол үшін қуанам. Сеземін кетті шатыр, Шытыр-шытыр. Иә, көз-қорқақ, қол-батыр. На-на-на-на Анда-санда, Қалғаны бәрібір, Бәрібір.
А как ты думаешь, о чем песня "Sapar" ?