название:
автор:
КІНӘЛІМІН
автор:
QaraKesek
рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1312 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Мен сені көп сұрадым ылғи да өзгелерден, Көбі айтады сені қазір мүлде өзгерген деп. Білмейм, қалай ойланбадық біз сөз бергенде, Қалай ойлана қалдық енді, а, екеумізге сөз келгенде? Жапырақтар қурады, тағы да күз келген бе, Осыдан бір жыл бұрын үмітті үзбегенде. Сенің суыған сезіміңді жаным сезбегенде, Журмегеніңде сен, кез келгенмен. Бәлкім, сонда жақсы болар ма еді арамыз, кім біледі, Бізді кім бөледі, жалпы, тағдыр бізді кім көреді? Не себептен, айтшы, мен де түсінбегем, Жарайды, мен де жеңілмейм, журегім емделер. Қолдарымды созып жүрмін әлі саған, Арамызда перде бар, білем, бірең-сараң. Ақылым жок болса, мен саган ілесе алам, Маған шындығым деп сөйлесең тағы, бетіңе күле салам. Қ-сы: Сені сүйгенім үшін кінәлімін, Сені сағынғаным үшін кінәлімін. Сені ойлағаным үшін кінәлімін, Мені кешір, кешіре алсаң. Жүрегіме сақтағаным үшін атыңды, Сақтап жүргенім үшін сүйем деген хатыңды. Таңдарым атылды сені ойлай, Кінәлімін. Мүмкін, сен мен үшін тым ерекше жансың, Мүмкін, арайлап атып, шуағын шашқан таңсың. Сен оны басқансың мен ұнатқан сүйіктімнің, Ал қазір сені кездестіргеніме күйіктімін. Мүмкін, сені сүйемін, мүмкін, ұнатамын, Бар кінәм менің – жүректі арнағаным. Бақытқа балағаным, сені армандағаным, Болашақты өзіңмен ерте бастан болжағаным. Кінәлімін, айыптымын, не десең де, көндім, Адам төзбес мінезіңе шыдап-төзіп көрдім. Сенімен бір болудың бүгінде кетті мәні, Қол ұстасып жүрудің қалмады енді сәні. Білемін, оңбағанмын, ақымақпын сен үшін, Бірақ судан құрғақ болып шықпайсың, соны түсін. Өзгеге шекер болсаң, қаласың тұз боп маған, Соңғы әнім осы болсын саған деп арнаған. Қ-сы: Сені сүйгенім үшін кінәлімін, Сені сағынғаным үшін кінәлімін. Сені ойлағаным үшін кінәлімін, Мені кешір, кешіре алсаң. Жүрегіме сақтағаным үшін атыңды, Сақтап жүргенім үшін сүйем деген хатыңды. Таңдарым атылды сені ойлай, Кінәлімін. Сүйгенім үшін кінәлімін, Сағынғаным үшін кінәлімін. Ойлағаным үшін кінәлімін, Мені кешір, кешіре алсаң. Кінәлімін...
А как ты думаешь, о чем песня "КІНӘЛІМІН" ?