название:
автор:
Өкінбеймін
автор:
Жанека Кенжебекқызы
рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1369 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Өшем деп өкінбеймін, жыламаймын, Жыласам да жұбат деп сұрамаймын. Қыранның құдіретін қимасаңдар, Қайтейін, тағдырын бер құралайдың. Тағдырын бер, тағдырын құралайдың, Қашан атып алғанша құламаймын. Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы, Жанарымда жайнаған тұнады айдын. Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын, Сыңсыған ну орманмен сырласамын. Қарауылға ілексем, ілігейін, Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым. Өшем деп өкінбеймін, қайғырмаймын, Өткен өшті. Енді оған қайрылмаймын. Қыран да, құралай да болмақ емен, Атымнан адам қойған айрылмаймын. ...Арпалысып жүргенде өмірменен, Қай-қайдаға әкетпес көңіл деген. Өлсем өлем, өзімнің жерімде мен. Қалсам қалам, өзімнің елімде мен! Жыламаймын, сондықтан көңілденем. Мұқағали Мақатаев
А как ты думаешь, о чем песня "Өкінбеймін" ?