ГлавнаяИсполнителиНеизвестенҚайырмасы:
название:

Қайырмасы:


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 993 просмотра
Қайырмасы:
Бұл, туып өскен жерім,
Мақтанышым менің,
Асыл қала Орал.
Бұл, 07 - ші аймақ,
Қаламыз тұр жайнап,
Жасыл қала Орал. 

Тарихты өлке ұлан ғасыр,
Бұл жерде Дина, Құрманғазы,
Қадыр Мырза Әлі жыр данасы,
Махамбет, Исатайдың даласы.
Футболдан Ақжайық құрамасы.
Ескерткіш Стелла мұнарасы,
Оралдың құмына аунап өскен,
Мен де бұл жердің бір баласы.
Мәншүк, Хиуаз батыр қыздар,
Сырым батыр салған із бар,
Танымасаңыз таныңыздар,
Осындай текті халқымыз бар. 

ОРАЛ – Әсем қала,
ОРАЛ – Әркез саған,
ОРАЛ деп ән салам
ОРАЛЫМ өзіңмен мақтанам. 

Қайырмасы:
Бұл, туып өскен жерім,
Мақтанышым менің,
Асыл қала Орал.
Бұл, 07 - ші аймақ,
Қаламыз тұр жайнап,
Жасыл қала Орал. 

Жасыл қала Оралымыз,
Тап - таза ауамен дем алыңыз,
Жаз десе еске, түседі Шалқар,
Қызықты күндер, ұйқысыз таңдар.
Келіңдер Казталов(ка), Жәнібекке,
Бөкей Ордасы әріректе
Ақжайық, Бөрлі, Жаңа қала,
Зеленов, Сырым, Тасқалаға,
Шыңғырлау, Теректі, Қаратөбе,
Атамекенім туған өлке,
Қай аудан болмасын құшақ жайып,
Қонағын шығарар әр кез төрге. 

ОРАЛ – Әсем қала,
ОРАЛ – Әркез саған,
ОРАЛ деп ән салам
ОРАЛЫМ өзіңмен мақтанам. 

Қайырмасы:
Бұл, туып өскен жерім,
Мақтанышым менің,
Асыл қала Орал.
Бұл, 07 - ші аймақ,
Қаламыз тұр жайнап,
Жасыл қала Орал. 

Түнгі Орал, кешінде біз,
Таң атқанша, би билейміз.
Жұлдыздар да жымыңдайды,
Түнгі қала, ұйықтамайды. 

Қайырмасы:
Бұл, туып өскен жерім,
Мақтанышым менің,
Асыл қала Орал.
Бұл, 07 - ші аймақ,
Қаламыз тұр жайнап,
Жасыл қала Орал.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қайырмасы:" ?
У нас недавно искали:
09. Close Your Eyes To Heaven  Нет денег(просто взять и послать  Ийээ эн кэрэ бэйэ5эр сылаас  Ийэ баар буолан [Ийэ баар буолан  Ийэ мичээрэ  Linkin Park  Sorry For Now «Сожаление»  Good Goodbye (feat. Pusha T and Stormzy)  New Divide (#ACAPELLA) mp3up.org  Ийэбэр  Ветренный день 
А как ты думаешь, о чем песня "Қайырмасы:" ?
2010-2024 © Rostext.ru Тексты песен