название:
автор:
СОҢЫ ✔
автор:
☪????... ★ ☆АӨ☆
рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 805 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Көңіл ауысты қазір дұрыс жағына, Әр күнімнен іздеп кететін болыппын мағына. Қазір оралғым келмейді өткен шағыма, Жоқ, жоқ, бәрібір сағынам. Жарты жолда жолыққандар қазір қасымда, Болғандар жоғалып кетті жолдың басында. Оларды қу дүние өзіне тартып әкетті, Ал мені аспанға тепті. Мен кеттім өмірдің сырт жағынан бақылап, Бәлкім, мен ақымақ, бәсе, көбі ақылға шақырады. «Кері қайт!» дейді, жоқ, мен қайта алмайм, Олардың қастарынан туралықты байқамайм. Алдымен олар өздері кері қайтып алсын, Өз-өздеріне ақиқаттарын айтып алсын. Ал мен ақиқатты іздейм деп адастым, Жол табам, тоқтап қалмасам, әлі жаспын. Қайырмасы: Жолымнан құлап төменге, Бола ма құлай беруге, көнуге? Жоқ, сабыр ете алмайм үзілген үмітке, Мен тірімін, қозғалуда көлеңкем. Жоқ, сабыр ете алмайм үзілген үмітке, Мен тірімін, қозғалуда көлеңкем. Неше түрлі ойлар басты ауыртты, Бәлкім, мен ойлаған зат басы ауыр тым. Күйзеліс, тағы ауырдым Батып қараңғылығына қараңғы ауылдың. Көңіл-күйі жоқ жақын-бауырдың, Оның өткізіп жатқаны қазір ауыр күн. Оны қазір тоңдыруда тағдырдың дауылы, Жылуы сезілмеді ауылдағы қауымның. Бауырым, тек өзіңді жоғалтпа, Әлі табамыз мазалаған сан сұраққа жауаптар. Өзің күле біл, жақындарыңды жылатпа, Дұрыс болсақ, кездесерміз, бәлкім, Жұмақта. Қарашы, бауырым, өміріміз енді басталды, Бізді алып кетуге асығыс емес аспан. Бізге уақыт берілді, уақытты дұрыс пайдалан, Бәлкім, ертең үлгі алар сенен сенің айналаң. Ауылым, ауылдағы бауырым... Өсіп едік бірге жағасында таудың, Ішінде баудың... Қайырмасы: Жолымнан құлап төменге, Бола ма құлай беруге, көнуге? Жоқ, сабыр ете алмайм үзілген үмітке, Мен тірімін, қозғалуда көлеңкем. Жоқ, сабыр ете алмайм үзілген үмітке, Мен тірімін, қозғалуда көлеңкем.
А как ты думаешь, о чем песня "СОҢЫ ✔" ?